ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Аудан көлеміндегі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық іс-шарасы аясында колледж басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова мен колледж педагогтерінен құрылған ерікті топ мүшелері учаскелік полиция инспекторларымен бірге жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында, аудан орталығында заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары жасалды.
Жарияланған күні: 0