"Нашақорлық және жастар проблемасы"
09.10 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі
студенттеріне нашақорлықтың алдын-алу
бағытында " Нашақорлық және жастар проблемасы" тақырыбында
Түпқараған аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Ізтілеуова Гүлжанның қатысуымен дәріс оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді.
«Қауіпсіз білім беру ұйымы» апталығының жоспары бойынша 23.02 күні ТАПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Г.Байкүренова, ЮПт инспекторы полиция аға лейтенанты Г.Чулдакова колледж студенттерімен кездесу өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алып, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы ескерту. Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, заң талаптары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына тыйым салынған, пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін атап өтті. Студенттер кездесу барысында сұрақтар қойып, жауаптарын алды.