Қайырымдылық аукционы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көркем еңбек пәні мұғалімі» мамандығының 2 курс студенттері «Қайырымды бол» жобасы аясында қайырымдылық аукционына өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Ең төменгі сату бағалары:
* өңіржиек- 5000 тг.
* сырға- 1500тг.
* қарсы ілгектер, үлкені - 4000тг, кішісі-3000тг.
* білезіктер - 700тг.
*брошь-2000тг.
Аукцион қараша айының 16-20 аралығында 87754280209 нөмірінің ватсап желісінде жүргізіп, ең жоғарғы баға ұсынған адамға сатылды. Аукционнан 26000 теңге түсті. Түскен қаражатқа жағдайы төмен көпбалалы отбасыдан шыққан студентке киімдер алынды.