«Кәсіби бағдар» бойынша атқарылған жұмыстарға


«Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі»

«Кәсіби бағдар» бойынша атқарылған жұмыстарға

Ақпарлама

 16, 17.02 2022 ж. Кәсіби бағдар беру.  Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясы, ЖПТОМ Форт-Шевченко мектеп-интернатына, Е.Өмірбаев орта мектебі мен М.Горький мектеп-лицейіне барып 9 сынып бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында үгіт насихат жұмыстары мен мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, түсіндіру жұмыстарын арнайы пән оқытушысы, өндірістік шеберлер А.Мендиханов пен С.Кенжебаев  жүргізді. 21.02.2022 ж. Е.Өмірбаев  орта мектебі  және Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары «Ашық есік» күніне келіп, кәсіби бағдар беру  мақсатында, оқытылып жатырған мамандықтармен танысты «Дәнекерлеу ісі», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу» шеберханаларымен, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша  «Мамандық әлеміне саяхат» тренинг  өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. 9 сынып  оқушылары және мектеп алды даярлық сынып оқушылары  «Ұн,  тұз, су» технологиясын қолданып,  түрлі пішінде мүсіндер жасап шығарды. Жасаған мүсіндерді  түрлі - түсті бояуларды қолданып бояып шықты. Оқушылар жақсы көңіл күйде, мамандыққа деген жақсы көз қараста болды. 22.02.2022 ж. М.Горький  мектеп-лицейінің  9 сынып оқушылары «Ашық есік» күніне келіп, кәсіби бағдар беру  мақсатында, оқытылып жатырған мамандықтармен танысты «Дәнекерлеу ісі», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу» шеберханаларымен, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша шебер сынып өткізілді. 

Жарияланған күні: 0