Сенім артқан шәкірт


WorldSkills —кәсіптік дағдылар бойынша әлемдік және ұлттық чемпионаттарды  ұйымдастыратын және әлемнің әртүрлі бөліктерінде екі жыл сайын өткізілетін, сонымен қатар кәсіптік дағдылар туралы конференцияларды өткізетін халықаралық қайырымдылық ұйымы.

Астана қаласында 13-18 қараша күндері «Worldskills Kazakhstan 2024» чемпионаты өтті. Бұл жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттырып, кадрларға қолайлы жағдай жасауға негізделген шара. Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 550-ден аса студент 30 бағыт бойынша қатысқан. Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, жеңіске жеткен 108 үздік қатысушы марапатталды. Оған Маңғыстау облысының колледждерінен 29 құзіреттілік бойынша 31 студент қатысса, Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінен «Тақтатаспен қаптау» құзіреттілігі бойынша «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 4 курс студенті Бақыт Наурыз Төлегенұлы қатысты. Наурыздың чемпионатқа баруы кәсіби шеберлік сайысының басталуына он бес күн қалғанда анықталды. Себебі, ағымдағы жылдың сәуір айында өткізілген өңірлік чемпионатта Наурыз есепте екінші орын, яғни кәсіби шеберлігі үшін медальонмен марапатталды, Алтын жүлдені  өңірлік додада «Тақтатаспен қаптау» құзіреттілігі бойынша Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің студенті алған болатын. Алайда күзде болатын чемпионатқа белгілі бір себептермен студент қатыса алмайтын болды. Сол себепті қысқа мерзімде Бақыт Наурызға ұсыныс түсіп, жетекшілері тез арада дайындады. Жетекшілері: Қуанова Қымбат Қосайқызы, Айтбаев Жақсыбек Орысбайұлы, Сиғалиев Бекнұр Рафаэльұлы. Колледж басшысы Ілес Еркінұлы  тулбокста болатын барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, студент баратын болды.

Қорытынды күні аталған құзіреттілік бойынша 16 студент қатысқан сайыста Бақыт Наурыз Төлегенұлы кәсіби шеберлігі үшін медальонмен марапатталды. Бұл колледж үшін үлкен жетістік. Еңбегі ақталып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Дайындаған жетекшілеріне алғыс айтамыз. Алаңда колледждің аға шебері Айтбаев Жақсыбек Орысбайұлының айтуы бойынша, студент қолынан бар келгенін жасады, орындыққа мініп-түсіп, уақытында модуль бойынша берілген тапсырмаларды орындап шықты деді. Студентіне риза болғанын айтып, жүлдеден үміттемін деген болатын.

Колледжде WSK қозғалысының дамуына барлық жағдай жасалған. Бітіруші топтардың қорытынды аттестациясы WSK стандарты бойынша студенттерге демонстрациялық емтихан түрде өтеді, Колледішілік, өңірлік чемпионаттарға қатысу құзыреттілік саны жыл сайын артып келеді.

Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің 

басшының оқу-өндірістік жөніндегі

орынбасары А. Сұлтанғали

  

Жарияланған күні: 0