1 курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді
07.09 күні 1курс студенттерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоламанова Алтынгүл студенттердің сабаққа қатысы мен киім үлгісі туралы ескертпелер берсе, колледж психологі Тулепова Ақмарал ата-аналармен тренинг өткізіп, «Бала құқықтарын қорғау басты назарда» баяндамасын оқыды. Сонымен қатар, Отбасы күніне орай жасақталған жоспармен таныстырып, жиналыс соңында ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.