Мен елімнің патриотымын жастар форумы өтті


Түпқараған ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры және Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздердің рөлін арттыру арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Туым - менің мақтанышым» жобасы аясында М.Горький атындағы мектеп-лицейінде аудан жастарының қатысуымен «Мен елімнің патриотымын» түпқарағандық патриот жастар форумы өтті.

Форум спикерлері ауданның белсенді жастары болды. Солардың қатарында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ХТ-23 тобының студенті  Жұлдыз Сатыбалдиева болды.

Жастар Жетістіктері қоғамдық қоры бас сарапшысы Жақсыгүл Шахзадақызы Маханбет құттықтау сөз сөйлеп, белсенді жастарды марапаттады.  

Жарияланған күні: 0