«Жас турист – 2023» облыстық туристік слет
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында облыстың 10 колледж арасында өткен «Жас турист– 2023» облыстық слетінде Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі ІІІ орын алды.
2023 жылдың 01-02 қарашасында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығының ұйымдастыруымен Форт Шевченко қаласында өтетін «Жас турист-2023» облыстық туристік слетіне «Ақкетік» командасы қатысып, ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі Ж. Тлешовты және қатысушы студенттер Жолдыбайқызы Гүлден, Қайратқызы Әсел, Көңілқосұлы Әнуар, Рунак Омар, Даут Нұрдаулет, Жылқыбай Медетті жеңісімен құттықтаймыз.