Күзгі бал
17.11 күні 1 – 3 курс студенттері арасында колледжішілік «Студенттік бал» байқауы өтті. Байқауға 4 топтан студенттер жұп – жұбымен қатысты. Жұптар байқаудың 4 кезеңі бойынша өнер көрсетіп, көрерменге көңіл – күй сыйлады. «Студенттік бал» қорытындысы бойынша ТСП – 21 тобының атына шыққан студенттер Ерсайынұлы Амандық пен Балтабай Ару І орынға иеленді.
Студенттерді марапаттарымен құттықтай отырып, оқуларына сәттілік тілейміз. Колледж намысын қорғап, биіктерден көрсетер өздерің екенін ұмытпаңдар дегіміз келеді.