"Парасаттың көкжиегін кеңейткен" атты кітапханалық колейдоскоп
24 қазан - Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай "Парасаттың көкжиегін кеңейткен" атты кітапханалық колейдоскоп өткізілді. Шара мақсаты: Кітапханашылардың көзге көрінбес еңбектерін көріп, кітапханамен танысып, көркем әдеби кітаптарды оқуға деген ынталарын арттыру. Білімнің қайнар көзі кітап екені белгілі. Адамзат баласын осы біліммен сусындататын рухани орта, ол – кітапхана. Кітапханада жұмыс істейтін мамандардың еңбегі қашан да ұшан-теңіз. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар екенін ұғындыру бұл шараның мақсаттарының бірі.
Қатысқан студент саны: 20.
