ДОЙБЫДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
Баутин ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, 25 қазан-Республика күні ұлттық мерекесі аясында бекітілген іс -шаралар жоспарына сәйкес, жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын сақтауға дәріптеу мақсатында дойбыдан жарыс өткізді.
Жарыста сөз алған Баутин ауылының әкімі Еркебұлан Қуанышқалиұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік пен денсаулық тіледі.
Жарысқа ауыл көлеміндегі мектептер мен колледжің студенттері мен оқытушылары қатысты. Жарыс жеңімпаздарын ауыл әкімінің арнайы дипломдары және медалімен марапатталды.
