Сұлтан Үпі және Шақпақ Ата тарихи ескерткіштеріне экскурсия
Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Тарих қойнауына саяхат” атты тур - слет өтті. Бүгінгі тарихи орындарға сапарымыз ерекше әсерлер мен терең рухани байлық сыйлады. Сұлтан Үпі мен Шақпақ Ата тарихи ескерткіштері – халқымыздың мәдениеті мен тарихының шынайы куәгерлері. Бұл қасиетті жерлерге бару арқылы біз ата-бабаларымыздың мұрасын дәріптеп, рухани байлығымызды толықтыра түстік.
Экскурсия барысында әрбір қатысушы тарихи деректермен танысып, ежелгі дәуірдің құпияларына көз жүгіртті. Осындай маңызды ескерткіштерді көріп, ұлттық мәдениетімізді сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте сезіндік.
Жарияланған күні: 0
