ТҮПҚАРАҒАНДА ҰМЫТ ҚАЛҒАН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ
28 қараша күні аудандық мәдениет үйінде "Салт дәстүрім-асыл қазынам" атты ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғыртуға арналған шара өтіп, бұл шараға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.
Басты мақсаты – ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғырту, насихаттау және жастардың бойына сіңіру. Сонымен қатар, кеңес мүшелері аудандағы аналар кеңестерінінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, жылды қорытындылады.
Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің "Көркем еңбек" мамандығының студенттері мен оқытушысының қолынан шыққан қол өнер бұйымдары көрмеге қойылды. Шара барысында колледж басшысының м.а. А. Сұлтанғали мен арнайы пән оқытушысы М. Нұрсайнова алғыс хатпен марапатталды.
