«Балалар жемқорлыққа қарсы» Республикалық балалар суреттерінің байқау басталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Балалар жемқорлыққа қарсы» Республикалық балалар суреттерінің байқауын жариялайды.
Байқауға 7 жастан 17 жасқа дейінгі оқушылар қатыса алады.
Конкурстық жұмыстарды қабылдау а.ж. 13 қыркүйегінен басталып, 13 қазанында аяқталады.
Конкурс қорытындысы а.ж. 24 қазанында шығарылады.
Конкурстық жұмыстар электрондық нысанда электрондық пошта арқылы қабылданады: artkidsanticorr@mail.ru

