«Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯЛАНДЫ.
Маңғыстау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің 10.03.2023 № 52 нқ – бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 06 – 09 ақпан күндері Маңғыстау облысының білім басқармасының «Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында жүргізілген мемлекеттік аттестаттау қорытындысымен аттестатталды. Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды.
Құтты болсын, құрметті әріптестер! Кәсіптік білім беру саласындағы білікті маман даярлау бағытындағы жұмыстарыңызға толағай табыс пен нәтижелі қызмет тілейміз!
- Гум (1)
Скачать файл || Ашып қарау
(PDF, 1.22 Mb)
Жарияланған күні: 0

