Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы
Мемлекеттік Гимннің шырқалуымен бастау алған жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы ашып берді. Халқымыздың сенімді тірегі, еліміздің берік қалқаны Қарулы күштеріміздің әлеуеті мен құрылымына тоқталған Т. Алтынғалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа аудан әкімі Елтизаров Рахат Тезекбайұлының алғысын табыстады. Жиында колледжіміздің БӘД пәнінің ұйымдастырушысы Тлешов Джолдасбек Исенбаевич аудан әкімінің алғысымен марапатталды.

