Құттықтаймыз! Республикадан "Үздік маман"
Еліміздің бас қаласында 19.11-27.11.2023 ж. аралығында өткен республикалық кәсіби құзыреттілік чемпионатында Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі студенті Айткенұлы Заңғар Маңғыстау облысы абыройын қорғап, 19 қатысушы арасынан "Үздік маман" номинациясымен марапатталды. Дайындаған жетекшілеріне үлкен рақмет. Колледж абыройы артып,жетістіктер көп болғай.


