"Бала құқығы-асыл қазына" тақырыбында тәрбие сағаты


Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» аясында колледж студенттеріне Санақбаева Назерке Мақсатқызы "Бала құқығы-асыл қазына" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Балаларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін түсіндіру. 

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.