"Тіл-біздің тұтастығымыз" атты апталық жоспары
Қазақстан халқының тілдер мерекесін 5 қыркүйек деп бекіткен болатын. Сол күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан күн. Осы мерекеге байланысты Түпқараған гуманитарлық -кәсіптік колледжінде "Тіл-біздің тұтастығымыз" атты апталық жоспары жасақталды. 3 қыркүйек күні жоспарға сәйкес колледж кітапханашысы "Тіл-рухани қазына" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қатысқан студент саны: 40
https://www.instagram.com/p/C_h7fRuMqku/?igsh=MW52dWliMDB0aXd0bg==

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: