"Ұлылар ізімен" тақырыбында тәрбие сағаты


Ағымдағы жылдың 10 қазан күні қазақ тілі және әдебиет пәні оқытушысы Байболаева Айгүл ВТ-24 тобына Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай "Ұлылар ізімен" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллин туралы ақпарат беріп, өмір және еңбек жолымен таныстыру. Студенттердің өз бетінше іздене отырып,оқып-үйренуге дағдыландыру, сөздік қорын дамыту. 
Қатысқан студент саны: 20 

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.