«Жас сарбаз»


Колледжіміздің АӘД пәнінің оқытушысы Ж. Тлешов Қазақстан республикасының Қарулы Күштерінің іс-шараларын жоғары деңгейде өткізудегі ынта-жігері,  қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен  кемел келешегіне ықпал етіп,  әскери-патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін «Жас сарбаз » жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Меңдіғалиевтің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Жетістіктеріңіз көп болсын!

https://www.instagram.com/p/Ci-opCYsNcr/?utm_source=ig_web_copy_link

   

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.