«Отбасы және Қоғам» атты аудандық форум


«Отбасы және Қоғам» атты аудандық форум өтті.
23 желтоқсан күні Түпқараған аудандық мәдениет үйінде  "Отбасы және Қоғам" атты аудандық форумы өтті.
Форумның басты мақсаты - отбасы институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту, гендер теңдігі және ұрпақтық сабақтастықты дамыту, отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Форумға колледж студенттері мен оқытушылар  қатысты.
#балаларжылы
#оқуғақұштармектеп
#Отбасыжәнеқоғам 

Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.