«Патриоттық және қаһармандық»
Ағымдағы жылдың 5 қараша күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Тлешов Джолдасбек Исенбаевич «Патриоттық және қаһармандық» атты тақырыбында 1 курс студенттері арасында Тәжік-Ауған шекарасындағы қарулы қақтығыста Раджан Батркановтың ерлігі туралы тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Отанға қызмет етудегі батырлық пен патриотизмнің маңыздылығын жетілдіру.
https://www.instagram.com/p/DCBzFJwMf4g/?igsh=NXAzd2RuMGY0OHMw

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: