“Қаржылық қауіпсіздік негіздері” тақырыбында кездесу
30.03. күні Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжінің студенттеріне ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Әкімшілік басқармасының басшысы Букенова Акмаржан Жилкибаевна, ұйымдастыру - бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Баешов Берик Абдуллакимович “Қаржылық қауіпсіздік негіздері” атты тақырыбында кездесу және Департамент жұмысы бойынша таныстырып, жұмысқа тарту бойынша сұхбат өткізді.

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: