“Сыр сандық” коллекциясы
Маңғыстау облыстық білім басқармасының “Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы” мекемесінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен политехникалық колледжінде “Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі және әлемдік көзқарас” тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда “Сыр сандық” атты коллекциясы көрсетілді. Бұл коллекция студенттермен бірлескен жұмыс. “Көркем еңбек” мамандығының 3 курс студенттерінің еңбегі. “Көркем еңбек” мамандығының арнайы пән оқытушысы Нұрсайынова Милана өз тәжірибесімен бөліскендігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Құттықтаймыз!
https://www.facebook.com/share/p/1FXTrtyj4N/

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.