Кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңі
26.09 күні Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау мақсатында өтетін кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінің бірінші күні басталды. Колледжімізден «Көлік саласы» бойынша - С. Кенжебаев, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» құрылыс саласы бойынша- А.Ақшолақов, «Арнайы пән оқытушысы» педагогика саласы бойынша - Ж. Иманғалиева, «Жалпы білім пәндері оқытушысы» педагогика саласы бойынша- Г.Бисенбай қатысуда.
Колледж оқытушыларына сәттілік тілейміз!

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: