колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді
06.04 күні колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа "Саламатты ел " қоғамдық қорының директоры Есетова Гүлзира Бүркітовна, ювенолог-дәрігер — Нугманова Кабира Сакеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, психологиядан қауымдастырылған профессор, гештальт-кеңесші — Егинисова Алмажай Кулжановна және аудандық емхана дәрігер-педиатры — Дощаева Гүлжан Рзашовна қатысты. "Балалар жылына " орай балаларды әлеуметтік қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, ерте жүктіліктің алдын алу, суицид фактілерінен сақтандыру тақырыптарын қамтыған жиналыс жоғары дәрежеде өткізілді. Еркін форматта өткізілген жиналыстан ата-аналар мен оқытушылардың керемет әсер алғаны сонша, ұйымдастырушы колледж психологі Атажанова Жаннаға өз алғыстарын жеткізді.
09.04 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері ағаштардың түптерін ақтап, колледж ауласына 20 түп ағаш отырғызды.Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары облыстық туристік фестивальде жүлделі 2орынды иеленді. 8 команданың ішінде топ жарып, алдыңғы қатардан көрінген әріптестерімізді құттықтаймыз.
А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Мысалмен айтылған көп ойлар" атты облыстық байқауға «Қасқыр мен қозы», «Қайыршы мен Қыдыр», «Қасқыр мен мысық» мысалдары сахналанып, бейнероликтері жолданды. Жетекшілері- Әділханова Гүлжан, Атажанова Жанна, Сисенбаева Гүлшараға және рөлдерде ойнаған студенттерге сәттілік тілейміз!

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: