Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!


Кәсіби шеберлік чемпионатына төмендегідей құзыреттіліктер бойынша қатысамыз:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие»

2. «Дәнекерлеу технологиясы»

3. «Веб үлгілеу»

4. «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары»

5. «Киім үлгілеу»

6. «Тәлімгерлік қызмет»

7. «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету, жөндеу»

8. «Тақтатаспен қаптау»

9. «Ұялы робототехника»

10. «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару»

11. «Құтқару жұмыстары»

Барлығы 11 құзіреттілік бойынша 42 қатысушы сайысқа түседі.

Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

 




Жарияланған күні: 0





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.