Құттықтаймыз!!!
Колледждің орыс тілі пәнінің оқытушысы Нұрбердіханова Назгүл Батырбекқызы Маңғыстау облысының әкімі Алғысымен марапатталды
Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін арнайы пән оқытушысы Акшолаков Амангелді Кутаович Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен, БӘД пәнінің оқытушысы Тлешов Джолдасбек Исенбаевич, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Жумагалиева Гулмира Аскаровна,ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Иманғалиева Жанар Нұрқожақызы, арнайы пән оқытушысы Мендиханов Абзал Даулеткереевич Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғысымен марапатталды.
Тәуелсіздік Қазақстанның Рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін Адилханова Гүлжан Галымовна ҚР оқу – ағарту министрінің Алғысымен марапатталды.

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: