Құттықтаймыз!!! WorldSkills Kazakstan
Құттықтаймыз!!!
WorldSkills Kazakstan
Чемпионатының облыстық кезеңінен
"Тақтатаспен қаптау", "Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары"
құзіреттілігтері бойынша Бақытов Наурыз бен Айткенұлы Заңғар "Үздік
маман" медалонмен марапатталды.
"Дәнекерлеу технологиясы" құзіреттілігі бойынша Кемелхан Еркебұлан Сәлімжанұлы - 3 орын;
"Құтқару жұмыстары" құзіреттілігі бойынша Қарасай Абусайд, Рамадинов Бақытжан - 3 орын;
"Киім үлгілеу" құзіреттілігі бойынша Меңдіғалиева Әсел Мәткерімқызы - 3 орын;
"Мектепке дейінгі тәрбие" құзіреттілігі бойынша Сатыбалдина Жұлдыз Еркебұланқызы - 3 орын:
Колледжіміздің мерейін асырып, көптің ішінен оза шапқан
жүйріктерімізді баптаған жетекшілеріне алғыс айтамыз. Алар асуларың көп
болсын.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#кәсібибағдарберуші
#оқуөндірістікбөлім
#WorldskillsKazakstan

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: