Құттықтаймыз!


Республика күні қарсаңында аудандық мәдениет үйінде "Өрлесін биік мәртебең Отаным Қазақстаным!" атты мерекелік шарада колледжіміздің әдіскері Жанабаева Самал Калдыбаевна облыс әкімінің алғысымен, кітапханашы Догдырбаева Жанаргул Кураловна  аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және колледжіміздің өндірістік шебері Кенжебаев Сырым Санақбайұлы мен арнайы пән оқытушысы Айтбаев Жақсыбек Орысбайұлы аудан әкімінің алғысымен марапатталды.
#республикакүні
#ҚыранелімҚазақстаным  

Жарияланған күні: 2 қараша 2023





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.