Талапкер 2023
Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжі 2023 – 2024 оқу жылына
9 сынып бітірушілерді ТЕГІН білім алуға оқуға шақырады:
1. 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» Біліктілігі 3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері.
2. 07210900 «Балық өндірісі» Біліктілігі 4S07210902 Техник-технолог
3. 01140300 «Көркем еңбек» Біліктілігі 4S01140301 Көркем еңбек мұғалімі.
4. 07150500 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)
Біліктілігі 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші.

Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді
Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы» , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды. Барлық топтарда « Колледж - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап мына мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөліміне студенттер қабылдайды: