Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі


Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
2023-2024 оқу жылына 26 маусымнан бастап  мына мамандықтар бойынша  күндізгі  оқу бөліміне  студенттер  қабылдайды:
Талапкерлердің құжаттарын қабылдау
Күндізгі оқу бөліміне  26 маусымнан  20 тамызға дейiн;
Құжаттар қабылдау www.egov.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталы арқылы немесе  қағаз  түрінде колледжде  жүргізіледі.

Талапкерлерден қабылданатын құжаттар:
1.Оқуға қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда)
2.Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы аттестат)
3. Дәрігерлік анықтама №075-У;
4. Фотосурет : 3х4  көлеміндегі 4 дана
5.Жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін)

Біздің мекен-жайымыз:
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутин ауылы
Қ. Күржіманұлы √ 6
Байланыс телефондары:
8(72938) 28 - 0 - 23
8(72938)  28 - 0 - 30
+7702 310 86 83
e-mail: mptk-fort@mail.ru
Сайт: www. tgtk-bautino.edu.kz
Инстаграмм: TUPKARAGAN_Gtk 

Жарияланған күні: 26 маусым 2023





















Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде 1қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді


Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1курс студенттеріне басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Жоламанова, басшының кәсіптік бағдар жөніндегі орынбасары Г.М.Маңғыбаева, басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова және ата – аналар құттықтау сөз сөйлеп, колледж табалдырығын аттаған студенттерге сәттілік тіледі.  Сонымен қатар өткен оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызға атап айтсақ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Танатарова  Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Алғысы»  , ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Иманғалиева Маңғыстау облысы білім басқармасының  Білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін «Құрмет грамотасы» табысталды.  Барлық топтарда « Колледж  - сыйластық пен шынайы достықтың мекені» тақырыбында  топ сағаттары өткізілді.