"Қош келдің, Наурыз - көктем"


13.03. күні "Қош келдің, Наурыз - көктем" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кештің мақсаты: Қазақтың салт - дәстүрлерінің бірі - Наурыз мейрамының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысы, күн мен түннің теңеліп, дала көктейтін тамаша мезгіл туралы ақпарат бере отырып, қазақтың әдет - ғұрпын насихаттау. Мерекелік кешке қатысқан студенттер мен мұғалімдер тарапынан ән айтылып, күй тартылды, салт - дәстүрден сұрақ қойылды. Сонымен қатар "Наурыз - береке бастауы" атты кітап көрмесі таныстырылды.

 

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.