Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жұмыстарға конкурс жариялайды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың кезекті жыл сайынғы халықаралық жастар байқауы басталды.

Байқаудың мақсаты - жастарды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы әзірлеуге және пайдалануға тарту, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы практикасын қалыптастыру.

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі: үздік видеоролик және үздік плакат. Байқауға жұмыстарды қабылдаудың басталуы – 01.05.2023, аяқталуы – 01.10.2023.   

Халықаралық конкурстың ережелері https://www.anticorruption.life/ ресми сайтында қолжетімді.

Конкурстың қорытындысын шығару Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жоспарлануда. Жеңімпаздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. 

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.