АРДАГЕРЛЕР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ


07 - қараша күні "Түпқараған кәсіптік-техникалық" колледжінде Түпқараған ауданының құрметті азаматы, Баутин ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Қанжанов, Түпқараған ауданы Азаматтық Бастама қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Рамашева және жергілікті қоғамдастық төрағасы А.Акыбаев студент жастармен кездесті.

Кездесу барысында ауыл ардагерлері студент жастарға өмірі және еңбек жолы туралы баян етті. Сонымен қатар білімге, ғылымға ұмтылу, ата-аналар мен ұстаздардың сенімін ақтап жақсы маман иесі болуға тілектестігін білдірді. Жиналған студент жастармен пікір алмасып, берілген сұрақтарға жауап берді. Студенттер де өз тарапынан ардагерлерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

  

Жарияланған күні: 0


















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. 



WorldSkills Aktau - 2023


17-23 сәуір күндері аралығында өтетін "WorldSkills Aktau - 2023" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж намысын қорғайтын студенттерімізге  сәттілік тілейміз! #worlgSkills2023 


Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз!


Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз! Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл – күй сыйлайтын, білім алушыларды зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция. #шахматчеллендж  


Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету


11 сәуір күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде Тәжік – Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштерімен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Б.Бектаев, Н.Селбаев қатысуымен кездесу өткізілді. 


7.04.2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Дені сау адам бақытты" атты денсаулық сағаты және "Спорт-өмір серігі" атты кітап көрмесі өткізілді.


Өткізілген шаралардың мақсаты: денсаулық сақтаудың басты жолдары,  зиянды, жат қылықтардан аулақ болып,  салауатты өмір сүру керектігін ұғындыру және "ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген тиімдірек"  екенін түсіндіру.