Хакатонның облыстық конкурсында жүлделі 1-орын


Түпқараған гуманитарлық колледжінің педагогі Айнат Кабдуллина студенттері Иманғали Орынбай және Рүстембек Мұхамбеткереймен бірлесе отырып, «Маңғыстау өңірінде туристік жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру» тақырыбындағы хакатонның облыстық конкурсында жүлделі 1-орынды иеленді. Жобаның жаңашылдығы мен өзектілігі сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын тудырып, нәтижесінде Маңғыстау газетінің тілшісі Голрох Жеменей арнайы сұқбат алып, мақала жариялады. Бұл жетістік – колледжде білім берумен қатар, студенттерді заманауи жобаларға тартып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жемісті жұмыстың айғағы.  

Жарияланған күні: 0






















"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"


Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды. 




WorldSkills Kazakhstan


17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының  «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының  өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.