колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді
06.04 күні колледжімізде ата-аналар мен студенттерге арналған жиналыс өткізілді. Жиналысқа "Саламатты ел " қоғамдық қорының директоры Есетова Гүлзира Бүркітовна, ювенолог-дәрігер — Нугманова Кабира Сакеновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, психологиядан қауымдастырылған профессор, гештальт-кеңесші — Егинисова Алмажай Кулжановна және аудандық емхана дәрігер-педиатры — Дощаева Гүлжан Рзашовна қатысты. "Балалар жылына " орай балаларды әлеуметтік қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау, ерте жүктіліктің алдын алу, суицид фактілерінен сақтандыру тақырыптарын қамтыған жиналыс жоғары дәрежеде өткізілді. Еркін форматта өткізілген жиналыстан ата-аналар мен оқытушылардың керемет әсер алғаны сонша, ұйымдастырушы колледж психологі Атажанова Жаннаға өз алғыстарын жеткізді.
09.04 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері ағаштардың түптерін ақтап, колледж ауласына 20 түп ағаш отырғызды.Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары облыстық туристік фестивальде жүлделі 2орынды иеленді. 8 команданың ішінде топ жарып, алдыңғы қатардан көрінген әріптестерімізді құттықтаймыз.
А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Мысалмен айтылған көп ойлар" атты облыстық байқауға «Қасқыр мен қозы», «Қайыршы мен Қыдыр», «Қасқыр мен мысық» мысалдары сахналанып, бейнероликтері жолданды. Жетекшілері- Әділханова Гүлжан, Атажанова Жанна, Сисенбаева Гүлшараға және рөлдерде ойнаған студенттерге сәттілік тілейміз!

"Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру. Дуальды оқыту. Кредиттік-модульдік оқыту технологиясы"
Турция Республикасының Анталия қаласында Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлерін, арнайы пәндер оқытушыларын, колледж басшыларын оқыту және тағылымдамадан өткізу басталды.

WorldSkills Kazakhstan
17.04 күні Ақтау қаласының «HALYK ARENA» спорт кешенінде жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» VIII республикалық чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

WorldSkills Aktau - 2023
17-23 сәуір күндері аралығында өтетін "WorldSkills Aktau - 2023" кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінде колледж намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілейміз! #worlgSkills2023

Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз!
Жалпыреспубликалық «Шахмат» челленджіне қатысуға шақырамыз! Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл – күй сыйлайтын, білім алушыларды зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция. #шахматчеллендж
__8e9b9ad855590e73f2cdabcf0eb8dc15.jpg)
Тәжік - ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
11 сәуір күні Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінде Тәжік – Ауған шекарасындағы бітімгершілік күштерімен әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер Б.Бектаев, Н.Селбаев қатысуымен кездесу өткізілді.

7.04.2023 жылы Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінде "Дені сау адам бақытты" атты денсаулық сағаты және "Спорт-өмір серігі" атты кітап көрмесі өткізілді.
Өткізілген шаралардың мақсаты: денсаулық сақтаудың басты жолдары, зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керектігін ұғындыру және "ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген тиімдірек" екенін түсіндіру.