"Жанашыр жүрек" халықтық акциясы
Республика күнін мерекелеу шеңберінде "Жанашыр жүрек" халықтық акциясы жобасы аясында қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат ауданымыздың кішкентай тұрғыны Самат Саламат Бақытбекұлының еміне жұмсалды. Көмекке мұқтаж жандарға демеу бола білген қайырымды жандардың тілектері қабыл болып, кішкентай Саламаттың тез арада жазылып, басқа балалардай мектепке барып, ата - анасының көз қуанышы болып өсе беруіне тілекшіміз.
#zhanashirzhurek

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!