"Тілім менің-мерейім! " атты мәнерлеп оқу байқауы
"Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі!" атты тіл апталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушымы А. Байболаеваның ұйымдастыруымен 1-курс студенттерінің арасында "Тілім менің-мерейім! " атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттерді өз тілін құрметтеуге, аялауға баулу, тілдің әрбір ұлттың жаны екенін ұғындыру. Байқауға колледж оқытушысы Қ. Сахметова және колледж кітапханашысы Ж.Доғдырбаева қазылық етті. Әділқазылардың шешімімен байқау қорытындысы бойынша: І орын ХТ-23 тобының студенті Темірланқызы Ұлболсын; ХТ-24 тобының студенті Ізбаева Айзада;
ІІ орын ТСП-23 тобының студенті; Жылқыбай Медет; ТОРА-24 тобының студенті Бабатов Ризат;ІІІ орын ДШВ-24 тобының студенті Жүрсін Айқыз; ТСП-24 тобының студенті Балтабай Бекзат: Сонымен қатар ХТ-24 тобының студенті Нұрбекқызы Альбина мен ВТ - 24 тобының студенті Оралхан Айнұр очерк жазғандары үшін "Алғыс хатпен" марапатталды.
Қатысқан студент саны: 9.
https://www.instagram.com/reel/C_uoteRtxBS/?igsh=MTV4YWg1enhkNzljNw==

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!