«Ерлік сабағы» тақырыбында патриоттық сабақ


25 қазан Республика күніне орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Тлешов Джолдасбек Исенбаевич колледж студенттеріне «Ерлік сабағы» тақырыбында патриоттық сабақ өткізді. Сабаққа Ауған соғысы ардагерлері Өсербаев Болатбек Бердигулович, Есбергенов Сакен Бақытұлы және Түпқараған ауданы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскерге шақыру бөлімінің бастығы Қыдырбай Асқар қатысты. Мақсаты: оқушыларға патриотизмді, елге деген сүйіспеншілікті және тәуелсіздіктің құндылығын түсіндіру болды.Сабақ барысында Отанға деген адалдық пен ерліктің маңызын айшықтайтын тарихи оқиғалар мен батырлардың ерлігі туралы әңгімеледі. Оқушылар өз кезегінде Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін бейнелейтін өлеңдер оқып, еліміздің тарихына шолу жасады. Олар "Отан үшін отқа түс күймейсің" деген мақалдың мәнін талқылап, Отанды қорғаудың маңызын өз түсініктері бойынша жеткізді.Сабақ соңында оқушылар өздерінің патриоттық сезімдерін ортаға салып, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді. 

Қатысқан студент саны: 25. 

https://www.instagram.com/reel/DBdvbd6h4LM/?igsh=cmRlMHF4aWFiM2t6

Жарияланған күні: 0







Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!


Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!