«Жыл үздігі – 2023» аудандық жастар премиясы табысталды.
Жыл бойы белсенділік танытып, өз саласында үздік атанған Түпқараған гуманитарлық – кәсіптік колледжінің студенті Айткенұлы Заңғарға аудан әкімі Рахат Елтизаровтың «Жыл үздігі - 2023» номинациясы алғыс хаты мен арнайы статуетка табысталды.
«Жыл үздігі – 2023» аудандық жастар премиясы мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жастарға, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлеріне берілді.

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!