Білім күні
01.09 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған жиында 1 курс студенттеріне жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, топ жетекшілерімен таныстырылды. Барлық топтарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында топ сағаттары өткізілді.

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!