Еркін ел ұрпағы
2023 жылғы 4 мамырда сағат 10.00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні
қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін
ел ұрпағы» жалпы ұлттық патриоттық диктантын өткізу уақыты деп
белгіленді. Осыған орай Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледжі
оқытушылар,қызметкерлері мен студенттері бір уақытта диктант жазды.
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен
ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау,
мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні
арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
#Тәрбиебөлімі
#ТГКК
#Еркінелұрпағы

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!