Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы


Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы
Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты салтанатты жиын өтті.

Мемлекеттік Гимннің шырқалуымен бастау алған жиынды аудан әкімінің орынбасары Алтынғалиев Талғат Алтынғалиұлы ашып берді. Халқымыздың сенімді тірегі, еліміздің берік қалқаны Қарулы күштеріміздің әлеуеті мен құрылымына тоқталған Т. Алтынғалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа аудан әкімі Елтизаров Рахат Тезекбайұлының алғысын табыстады. Жиында колледжіміздің БӘД пәнінің ұйымдастырушысы Тлешов Джолдасбек Исенбаевич  аудан әкімінің алғысымен марапатталды.

Салтанатты жиын соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
#тәрбиебөлімі
#ТГКК
#Ерлержердіңқорғаныелдіңтұтқасы 

Жарияланған күні: 0







Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!


Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!