ЖАНАШЫР ЖҮРЕК АКЦИЯСЫ
"25 қазан- Республика күні” мерекесі қарсаңында елімізде "Жанашыр жүрек" халықтық акциясы жарияланған болатын.
Осы аталмыш акция аясында, ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен Баутин ауылының тұрғыны, отбасында жалғыз өзі тұратын ардагерлер
Б.Тельбаева, А.Шедрин және аз қамтылған отбасылар А.Уринбаева, Р.Абдуллаеваның үйіне барып, қал-жағдайын сұрап қайттық.
Мерекеге орай ауыл әкімінің атынан құттықтап, "Карат" ЖШС демеушілігімен нан өнімдері мен тәттілер сыйға берілді. Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі студенттері де акцияға өз үлестерін қосты.
Ризашылығын білдірген отбасылар мерекеге арналған ақ тілегін жеткізді.

Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!