Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттері


31. 05 күні Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі оқытушылары мен студенттері аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш алаңына жиналған көпшілікпен бірге саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухтарына тағзым етті.

- Ел тарихында мерейі тасыған дария дәуірлермен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдері де аз емес. Қазақтың осы бір қасиетті жерінде көз жұмған озбыр саясат құрбандарының барлығы – халқымыздың біртуар, маңдай алды, озық ойлы азаматтары еді. Халқы үшін жанын қиған, ардақты арыстарымызды әрдайым еске алу – қасиетті борышымыз. Біздің ендігі мақсатымыз – осы тарихи жылдар оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін жаңғырту, оларды мәңгі есте сақтау. Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу арқылы біз тарихты өскелең ұрпаққа дәріптейміз. Ұлтқа қызмет етіп, басын бәйгеге тіккен боздақтарды қастерлеп, олардың жүрген жолын болашаққа аманат етіп жеткізу – басты парызымыз. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады! Нәубет құрбандарының рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Тарихтан тәлім алып, жаңа заманға нық қадам басқан тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, бірлігі бекем болсын, - деді аудан басшысы.

Салтанатты жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. Жаңбыршин, аудандық мәслихат хатшысы Д. Меңдіханов және саяси қуғын-сүргін жылдары репрессияға ұшыраған азаматтардың жарлары мен балалары, қудалауға ұшыраған Есберген Исабаев және Өтесбай Жүнісов ұрпақтары атынан Жамаладин Есбергенов және Қуанышқали Жеткізгенов сөз сөйледі.

 Ссылка

Жарияланған күні: 0







Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!


Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!