“Кәсіп пен креатив” жарысы
Ағымдағы жылдың “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында 22 қазан күні Республика күніне орай “Республикам-рухымның тірегі” атты онкүндік жоспардың негізінде оқытушылар арасында “Кәсіп пен креатив” жарысы өтті. Негізгі мақсаты: Кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілетті, тапқырлықты және командалық бірлікті көрсету. Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орын-Эрудиттеам;
2 орын-Masters;
3 орын-Еңбек Еркелері;
Бүгінгі сайыс тек білім мен креативтің емес, нағыз ұстаздық рухтың мерекесі болды.
17.02 күні дебат клубының жетекшісі Сәбитова Ақнұр Жалғасқызы "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?" тақырыбында дебат турнирін өткізді және "Парасаттылық - адалдықтың белгісі" атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары!
Құрметті ата-аналар, студенттер, мектеп оқушылары! Сіздерді Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі ақпан айының 20 мен 24 ші жұлдызы аралығында өтетін WorldSkiils -2023 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатына шақырады!
