«Ауған ақиқаты»
Биыл кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты 15 ақпан күні Түпқараған гуманитарлық - кәсіптік колледж кітапханасында Ауған туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу мақсатында оқырмандарға, студенттерге арналған «Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесі мен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Ауған соғысына қатысқан Түпқарағандық ардагерлердің қысқаша өмірбаяндары, жауынгерлердің жеке фотосуреттері, буклеттер, мерзімді басылымдардан мақала топтамалары, кітаптар қойылып, видеотаспадан үзінді көрсетілді. Студенттер мен колледж мұғалімдері шараға белсене қатысты.