«Қазақ елі менің - Отаным» тақырыбында ашық тәрбие сағаты
25 қазан Республика күнін мерекелеуге арналған іс – шара аясында ТСП-23, ХТ-23 тобының студенттеріне топ жетекшісі Адилханова Г.Г. «Қазақ елі менің - Отаным» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Максаты: Студенттерге өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.